Accessibility links

Астанада жолсеріктер жалақы өсіруді талап етті


Жолсеріктердің наразылығы
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:08 0:00
Жүктеп алу

Жолсеріктердің наразылығы

Астанада "Жолаушылар тасымалы" компаниясының жұмысшылары басқа өңірлермен салыстырғанда жалақыларының аздығына наразылық танытты. Олар жылдық қорытынды жасау үшін Ақмола көлік колледжінің ғимаратында жиын өткізген басшылыққа талап-тілектерін жеткізуге тырысты.

Жолсерік Жалғас Әбіловтің Азаттыққа айтуынша, "Жолаушылар тасымалының" астаналық қызметкерлері кейбір басқа облыстардағы әріптестерімен салыстырғанда аз айлық алады. Теміржолшылар соңғы екі жылда жалақы мәселесін бірнеше рет көтергендерімен еш нәтиже болмағанын айтады.

Бүгін жиналыс үстіне келіп наразылық білдіргендердің саны шамамен 150 адамдай болды. Басшылықпен диалог орнатудан үмітін үзіп, жиналыстың соңын күтпей шығып кеткен кейбір жолсеріктер Азаттыққа пікір айтты.

Жолсерік Азамат Ахметовтің сөзіне қарағанда, компания жалақымен бірге жұмысшыларды да қысқартқан, соның кесірінен вагон тазалығына жауап берушілердің қызметі өздеріне жүктелген.

Азаттық тілшісінің компания басшылығынан комментарий алу әрекеті нәтижесіз аяқталды. Қорытынды жиынға БАҚ өкілдері кіргізілмеді.
XS
SM
MD
LG