Accessibility links

Сочиде сенбі сегіз жарыстан жүлде беріледі


Әйелдер биатлоны. Сочи, 21 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Әйелдер биатлоны. Сочи, 21 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
22 ақпан, сенбі күні қысқы олимпиаданың сегіз жарысынан медаль иегерлері анықталады.

Бүгін ерлер хоккейінің қола жүлдесінің жеңімпаздары белгілі болмақ (21:00 - Астана уақыты).

Әйелдер арасындағы 30 километрлік шаңғы жарысынан алтын медаль жүлдегері де бүгін (16:46) анықталады. Ерлер арасындағы дәл осы жарыстың жеңімпаздарының аты-жөндері де бүгін аталмақ (16:50).

Конькимен командалық жарыстан ерлер арасындағы жүлдегерлер кешкі сағат 19:51-де белгілі болса, әйелдер арасындағы жарыс 20:14-те аяқталады.

Тау шыңғысы жарысынан ерлер слаломы (18:45) жеңімпаздары да бүгін мәлім болмақ. Биатлонның соңғы жарысы да 22 ақпан күні өтеді. Ерлердің жеті жарым километрлік эстафетасы 20:30-да мәреге жетеді.
XS
SM
MD
LG