Accessibility links

Грузияда Украина құрбандарын еске алды


Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.
Грузия президенті Георгий Маргвелашвили.
Грузия парламентінде ел президенті жыл сайынғы жолдауын оқыды. Жолдау алдында Грузия депутаттары орындарынан тұрып, бір минуттық үнсіздікпен Украинадағы полиция мен шерушілер қақтығысы кезінде қаза тапқан азаматтарды еске алды.

Жұма күнгі жолдау кезінде Грузия президенті Георгий Маргвелашвили "Украина билігі өз азаматтарына қарсы қару қолданды, кез келген елдің үкіметіне олай етуге болмайды" деп мәлімдеген. Жолдауды тыңдауға келген көптеген депутаттар төсіне Украина туы белгісін тағып келген.

Маргвелашвили Еуропа басшыларының бітімгершілік рөлі "саяси мәмілеге келуге" ықпал ететінін айтқан. Грузия Еуропа Одағымен (ЕО) серіктестік туралы келісімге биыл тамыз айында қол қоюы тиіс.

Украина президенті Виктора Януковичтің Украина мен ЕО арасындағы дәл осындай серіктестік келісіміне қол қоюдан аяқ астынан бас тартуы (2013 жылы қараша айында - ред.) еуроинтеграция жақтастарының шеруге шығуына түрткі болды. Шерудің соңы қантөгіске ұласты.
XS
SM
MD
LG