Accessibility links

Украина парламенті спикері отставкаға кетті


Украина оппозициясының лидері Виталий Кличко (сол жақта) және парламент спикері болған Владимир Рыбак. Киев, 6 ақпан 2014 жыл.

Украина оппозициясының лидері Виталий Кличко (сол жақта) және парламент спикері болған Владимир Рыбак. Киев, 6 ақпан 2014 жыл.

22 ақпан күні үкіметті қолдайтын парламент спикері Владимир Рыбак отставкаға кетті.

Парламент өкілдері "Рыбактың денсаулығына байланысты кеткенін" айтып жатыр. Сенбі күнгі парламент сессиясында оппозиция лидері Виталий Кличко сөйлеп, депутаттарды президент Януковичтің биліктен кетуін талап ететін қаулы қабылдауға шақырған. Ол ондай қаулыны Януковичтің шерушілерге қарсы полицияны айдап салғаны үшін шығаруға үндеген.

Кличко Януковичтің Киевтен кеткенін айтып, парламенттің астанадағы жалғыз билік органы болып қалғанын мәлімдеген.

АҚШ мемлекеттік департаменті өкілдері Украина президенті Виктор Януковичтің Киевтен елдің шығысында орналасқан Харьков қаласына кетуін "қолдаушыларымен кездесуге" жориды.

Украинаның жергілікті ақпарат құралдары Януковичтің "Украина майданы" (жалпыукраиналық қоғамдық одақ) жиынына қатысуға кетті" деген хабар таратты. Бұл ұйым - оның "Аймақтар партиясының" бір тармағы.

Янукович Харьков қаласына Киевтегі наразылар жұма күні қол қойылған бейбіт келісімдерді мойындамай, оның отставкаға кетуін талап еткеннен кейін барып кеткен. Шерушілер президент сенбі күнгі сағат 14:00-ге (Астана уақытымен көрсетілді - ред.) биліктен кетпесе, оның резиденциясын қоршайтындарын мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG