Accessibility links

Кличко Януковичтің биліктен кетуін талап етті


Парламентте сөйлеп тұрған оппозиция жетекшісі Виталий Кличко. Киев, 21 ақпан 2014 жыл.
Парламентте сөйлеп тұрған оппозиция жетекшісі Виталий Кличко. Киев, 21 ақпан 2014 жыл.
Украина оппозициясының жетекшілерінің бірі, УДАР партиясының лидері Виталий Кличко Украина президенті Виктор Януковичтің отставкаға кетуін талап етті.

Жоғарғы Радада сөйлеген ол депутаттарға "Парламент Украина президенті Виктор Януковичті қызметінен босатуы керек. Ал кезектен тыс президент сайлауын мамыр айынан қалдырмай өткізген дұрыс" деп мәлімдеген.

Кличко сайлауды 2014 жылы 25 мамыр күні өткізуді ұсынған.

22 ақпан күні таңертең Украина президенті Януковичтің Киевтен елдің шығысында орналасқан Харьков қаласына кеткені хабарланды. АҚШ мемлекеттік департаменті өкілдері Януковичтің Харьков қаласына кетуін "қолдаушыларымен кездесуге" жорыды.

Украинаның жергілікті ақпарат құралдары Януковичтің "Украина майданы" (жалпыукраиналық қоғамдық одақ) жиынына қатысуға кетті" деген хабар таратты. Бұл ұйым - оның "Аймақтар партиясының" бір тармағы.

Янукович Харьков қаласына Киевтегі наразылар жұма күні қол қойылған бейбіт келісімдерді мойындамай, оның отставкаға кетуін талап еткеннен кейін барып кеткен. Шерушілер президент сенбі күнгі сағат 14:00-де (Астана уақытымен көрсетілді - ред.) биліктен кетпесе, оның резиденциясын қоршайтындарын мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG