Accessibility links

Банктерге қатысты лақап таратқандар аты-жөні аталды


Банк алдында кезекте тұрған азаматтар. Алматы, 20 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Банк алдында кезекте тұрған азаматтар. Алматы, 20 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
22 ақпан күні Қазақстан бас прокуратурасы ресми сайтына Алматы прокуратурасының "банктер банкрот болады" деген ақпарат таратып, елді дүрліктірген адамдардың табылғаны туралы мәлімдемесі жарияланды.

Мәлімдемеде салымшылар дүрлігіп, банктерден жаппай ақшаларын қайтарып ала бастағаны, елдегі негізгі банктер жұмысына зиян келгені айтылған.

Мәлімдемеде "ЦентрКредит" банкінің мүшкіл жағдайы туралы ақпарат таратуға «Signum» заң фирмасының басшысы Накипов Абылхаир Маратбековичтің, осы компания қызметкерлері Трофимович Виктория Владимировна мен Адасбаева Айгерим Нуртаевнаның қатысы бар екені анықталды" деп жазылған. Прокуратура "жалған ақпарды оларға "ЦентрКредит" банкінде бұрын жұмыс істеген Сабденов Дархан Артурзиньович" жіберген деп жазады.

Прокуратура ақпараттың жалған болғанын айта келіп, Сабденовке қарсы әкімшілік іс қозғалғанын хабарлаған. Мәлімдемегі ақпаратқа қарағанда "Сот оны айыпты деп тауып, 20 тәулікке қамаған. "Центр Кредит" банкі келген зиянның орнын толтыруды талап етіп отыр".

Прокуратура банктер туралы жалған ақпарат таратуға қатысы бар басқа да азаматтарды іздестіруді жалғастыратынын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG