Accessibility links

БҰҰ Иранда өлім жазасы көбейгенін айыптады


Ирандағы ел көзінше дарға асу. (Көрнекі сурет)

Ирандағы ел көзінше дарға асу. (Көрнекі сурет)

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссары Иранда биыл өлім жазасының көбейіп кетуіне "қатты алаңдайтынын" мәлімдеген.

БҰҰ-ның адам құқықтары бойынша жоғарғы комиссариаты басқармасы мәліметі бойынша, 2014 жылы, жеті аптаның ішінде Иранда 80 адам өлім жазасына кесіліп, үкімдері орындалған.

Олардың көбі - есірткіге қатысты айыпталғандар. БҰҰ басқармасының мәлімдеуінше, "есірткі қылмыстары халықаралық құқық нормалары бойынша өлім жазасына кесетіндей аса ауыр қылмысқа жатпайды".

БҰҰ өкілдері Ирандағы араб қауымының өкілдері Хади Рашеди мен Хашем Шабанидің өлім жазасына кесілуіне наразы болған еді. Олар "Құдайға қарсы шыққандары және Иран ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіргендері үшін" өлім жазасына кесілген. Үкім шықпас бұрын, тергеушілер оларды қатты азаптаған деген ақпарат тараған.

Иранда 2013 жылы кем дегенде 500 адам өлім жазасына кесілген.
XS
SM
MD
LG