Accessibility links

Януковичтің резиденциясын басып алды


Киевтегі президент әкімшілігі ғимараты. Киев, 22 ақпан 2014 жыл.

Киевтегі президент әкімшілігі ғимараты. Киев, 22 ақпан 2014 жыл.

22 ақпан күні үкіметке қарсы шерушілер Януковичтің Киевтегі кеңсесін басып алды. Олар президенттің отставкаға кеткенін талап етеді. Украина ақпарат құралдарының деректеріне қарағанда, шерушілер келгенде президент резиденциясы бос тұрған, күзет болмаған.

Бүгін таңертең Януковичтің Киевтен елдің шығысындағы Харьков қаласына кеткені хабарланған еді. Янукович онда Киевтегі наразылар жұма күні қол қойылған бейбіт келісімдерді мойындамай, оның отставкаға кетуін талап еткеннен кейін барып кеткен. Шерушілер президент сенбі күнгі сағат 14:00-де (Астана уақытымен көрсетілді - ред.) биліктен кетпесе, оның резиденциясын қоршайтындарын мәлімдеген еді.

Reuters агенттігі екі шерушінің сөзін таратты. "Соңғы бір-екі күнде оқиғалар жылдам болып жатыр. Бүгін тағы не болатынын құдай білсін. Жұрт Януковичтің отставкасын талап етеді, егер ол биліктен кетпесе, ары қарай не болатынын білмеймін" дейді өзін Владимир атаған шеруші.

"Адамдар әбден шаршады. Үйлеріне кеткісі келеді. Бірақ олар президент биліктен кетпейінше бұл жерден тарқамайды" дейді атын атамаған екінші бір шеруші.

Януковичтің көмекшісі Анна Герман ақпарат құралдарына "президент елден кетпейді, қазір Харьковте жүр" деген.

БАҚ ақпараттарына қарағанда Украина парламентіндегі Януковичтің "Аймақтар партиясының" 13 депутаты фракциядан шыққан. Оның алдында парламент спикері Владимир Рыбак отставкаға кеткен еді.
XS
SM
MD
LG