Accessibility links

Түркияда интернет туралы заңға наразылық білдірді


Түркияда интернет қолдануды шектеуге мүмкіндік беретін заңға қарсы шеруге шыққандар.
Түркияда интернет қолдануды шектеуге мүмкіндік беретін заңға қарсы шеруге шыққандар.
Сенбі күні Стамбулда түрік полициясы мыңдаған адам қатысқан наразылық шеруін тарату үшін су және көзден жас ағызатын газ шашты.

Наразылар интернет қолдануды шектеуге мүмкіндік беретін үкімет ұсынған заң жобасына қарсылық білдірген. Әуелі Таксим алаңына жиналған демонстранттар Стамбулдың сауда орындары орналасқан кварталдарымен жүріп өтіп, Истиклал көшесінде баррикадалар құрған.

Бұған дейін ақпанның 19-ы күні ел президенті Абдолла Гүл үкіметке соттың шешімін күтпей-ақ интернет сайттарын бұғаулауға мүмкіндік беретін заңды мақұлдаған еді.

Биліктің бұл жарлығымен келіспейтіндер қарсылық акцияларын жалғастырмақ ниетте. Олар жексенбі күні Анкара мен Измирде наразылық шеруіне шығуға шақырған.
XS
SM
MD
LG