Accessibility links

Венесуэлада шерушілер полициямен қақтығысты


Венесуэла президенті Николас Мадуростың билігіне наразылық шеруіне шыққандарға қару кезеніп тұрған үкімет сарбазы. Каракас, 12 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Венесуэла президенті Николас Мадуростың билігіне наразылық шеруіне шыққандарға қару кезеніп тұрған үкімет сарбазы. Каракас, 12 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)

Сенбі күні Венесуэла астанасы Каракаста оппозицияның билікке қарсы өткізген үлкен шеруінен соң наразылар мен полиция арасында қақтығыс болған.

Каракаста көшеге шыққан мыңдаған адам президент Николас Мадурастың отставакаға кетуін талап еткен. Сонымен бірге бұл күні үкіметті жақтайтындар да көшеге шығып, Мадурасты қолдап жиын өткізген.

Үкіметке наразылық білдіру шеруіне қатысқандардың кейбіреуі полицияға тас лақтырған. Полиция оларға көзден жас ағызатын газ шашқан. Билікке наразылық жиындары сенбі күні елдің өзге қалаларында да өткен.

Венесуэлада билікке қарсылық шерулері жалғасып жатқан екі аптаға жуық уақыт ішінде сегіз адам мерт болған. Билік пен оппозиция адам қазасы үшін бір бірін айыптайды. Оппозиция қауіпсіздік күштері бейбіт шеруге күш қолданды деп кінәласа, үкімет шеруді «мемлекеттік төңкеріс жасау әрекеті» деп атады.
XS
SM
MD
LG