Accessibility links

Ресейдегі Бийскіде жарылыстан үш адам өлген


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.
Ресейдің Алтай өңіріндегі Бийск қаласында жарылыс салдарынан үш адам қаза болған деп хабарлайды «Интерфакс».

Төтенше жағдайлар қызметінің ақпараты бойынша, жарылыс қаланың шеткері ауданында орналасқан «Корзинка» сауда орталығында болған. Қаза тапқандардың барлығы әйел адам екені хабарланды.

Тергеу комитеті аймақтық басқармасының хабарлауынша, сауда орталығында газ баллоны жарылған деген алдын ала болжам бар.

Қаза тапқан үш адам сатушы болып жұмыс істеген деп хабарлайды тергеу органы.
XS
SM
MD
LG