Accessibility links

Сочиде қысқы олимпиада ойындары аяқталды


Сочи олимпиадасының жабылу салтанаты кезінде атылған отшашу. Сочи, 23 ақпан 2014 жыл.
Сочи олимпиадасының жабылу салтанаты кезінде атылған отшашу. Сочи, 23 ақпан 2014 жыл.
Сочиде 23 ақпанда олимпиада алауы сөндіріліп, қысқы спорт ойындарының жарысы аяқталды. "Фишт" стадионында өткен олимпиаданың жабылу салтанатында Мәскеу театрының балет тобы өнер көрсетіп, композитор Рахманиновтың шығармасы орындалды, спортшылар парады өтті.

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бахтың айтуынша, Сочиде спортшылар мен жанкүйерлер үшін "ерекше жағдай" жасалды. Бах спорт ареналары, Олимпиада қалашығы сапасын жоғары бағалап, олимпиаданың "мінсіз ұйымдастырылғанын" айтты.

Олимпиаданың дайындығына 51 миллиард АҚШ долларын жұмсаған Ресей билігі ойындар халықаралық деңгейде елдің жаңа бейнесін қалыптастыруға септігін тигізгенін мәлімдеді.

Ресей олимпиада қорытындысында медаль саны бойынша 33 медаль (оның 13-і алтын медаль) алып, бірінші орынды иемденді. Ресейден кейінгі екінші және үшінші орындарды Норвегия мен Канада алды.

Келесі қысқы олимпиада ойындары 2018 жылы Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласында өтеді.
XS
SM
MD
LG