Accessibility links

Ресей мен НАТО өкілдері Украина туралы сөйлесті


Киев орталығындағы Еуромайдан белсенділерінің акциясы. Киев, 24 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Киев орталығындағы Еуромайдан белсенділерінің акциясы. Киев, 24 ақпан 2014 жыл. (Көрнекі сурет)
Ресей қарулы күштері бас штабының басшысы генерал Валерий Герасимов пен НАТО күштерінің бас қолбасшысы генерал Филип Бридлав 24 ақпанда телефонмен сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылады.

Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, екі жақ Украинада қалыптасқан жағдайға алаңдаушылық білдірген. Екі тарап бір-бірімен қарым-қатынасын, Ресей-НАТО кеңесінің Сирияның химиялық қаруын жоюдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қабылдайтын шараларын талқылаған.

Ресей қорғаныс министрлігі "генералдар алда тұрақты түрде телефонмен байланысып тұруға келіскенін" айтады.
XS
SM
MD
LG