Accessibility links

Украина оппозициясы басшылары Эштонмен кездесті


Украина оппозициясының басшылары ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонмен кездесуде. Киев, 24 ақпан 2014 жыл.

Украина оппозициясының басшылары ЕО сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонмен кездесуде. Киев, 24 ақпан 2014 жыл.

УДАР партиясының жетекшісі Виталий Кличко, "Батькивщина" партиясы жетекшісі Арсений Яценюк және "Свобода" партиясы жетекшісі Олег Тягнибок 24 ақпанда Украинаға барған Еуропа Одағы (ЕО) сыртқы саясат жөніндегі комиссары Кэтрин Эштонмен кездесті.

УДАР партиясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, оппозиция жетекшілері Эштонға Украина саясатындағы қазіргі жағдайды баяндаған.

Тараптар мемлекеттік тұтастығын сақтап қалу, күрделі қаржылық-экономикалық жағдайларға қарамастан экономикалық дағдарыстың алдын-алудың жедел шараларын қабылдау мәселелерін талқылаған.

Эштон оппозиция жетекшілерін тезірек жаңа үкіметті жасақтауға шақырып,ЕО үкімет құрылғаннан кейін Украинаға жан-жақты көмек көрсететініне сендірген.

Кэтрин Эштон Киевке екі күндік сапармен 24 ақпанда барған.
XS
SM
MD
LG