Accessibility links

Ресей Украина парламенті мен Батысты айыптады


Еуромайдан белсенділерінен құралған жасақтар жиын өтіп жатқан Жоғарғы Раданы күзетіп тұр. Киев, 24 ақпан 2014 жыл.

Еуромайдан белсенділерінен құралған жасақтар жиын өтіп жатқан Жоғарғы Раданы күзетіп тұр. Киев, 24 ақпан 2014 жыл.

Ресей сыртқы істер министрлігі Украинада елдің жаңа үкіметіне қарсы келгендерге қысым жасау үшін "диктаторлық, кейде террористік те әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр" деп мәлімдеді.

Министрлік Украина парламентін президент Виктор Януковичті орнынан алып, тиісті талқылау жүргізбей конституциялық реформалар жасады және этникалық орыстардың құқықтарын шектейтін заңдар қабылдады деп те айыптады.

Ресей министрлігі бұған қоса Батыс елдерін де "Украинаның тағдырына алаңдаудың орнына жеке мүдделерін көздеп, біржақты геосаяси есебін түгендеумен айналысып жатыр" деп айыптады.

Кеше Ресей премьер-министрі Дмитрий Медведев Мәскеуде Украинадағы кейбір үкімет органдарының легитимділігіне күмәнданатынын айтқан.

Брюссельдегі Еуропа комиссиясы Украина парламенті спикері, президент міндетін уақытша атқарушы Александр Турчиновты заңды президент деп таныған. Еуропа комиссиясы Украина сайлаулар арқылы елде жаңа үкімет құрылған соң Еуропа Одағымен ассоциация келісіміне қол қоя алады дейді.
XS
SM
MD
LG