Accessibility links

Ирак Иранмен қару саудасын жоққа шығарды


Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни.
АҚШ президенті әкімшілігінің мәлімдеуінше, Ирак билігі Иранмен қару-жарақ саудасына қатысты келісім жасасқаны туралы ақпаратты жоққа шығарған.

Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни АҚШ билігі Бағдадта қару-жарақ саудасы туралы жоғары деңгейлі келісім жасалғаны туралы тараған ақпаратқа алаңдаушылық білдіретінін хабарлады.

Оның сөзінше, АҚШ "Ираннан қару-жарақ сатып алу немесе оған тасымалдау БҰҰ қарарын бұзатынын" ескертеді. Ол бұған қоса Ирак сыртқы істер министрлігі Тегеранмен қару-жарақ саудасы туралы келісім жасасқанын жоққа шығаратын мәлімдеме таратқанын да айтты.

Бұған дейін келісім туралы ақпаратты Иран билігі де жоққа шығарған еді.

24 ақпанда Reuters агенттігі Бағдад пен Тегеран былтыр қарашада Ираннан 195 миллион АҚШ долларына қару-жарақ пен әскери жабдықтар сатып алуға келісті деп хабарлаған.
XS
SM
MD
LG