Accessibility links

Байқоңыр космодромы басшысы тағайындалды


Байқоңыр ғарыш айлағына ұшырылуға әкелінген "Протон-М" зымыран тасығышы. (Көрнекі сурет)
Байқоңыр ғарыш айлағына ұшырылуға әкелінген "Протон-М" зымыран тасығышы. (Көрнекі сурет)
Байқоңыр космодромының басшысы болып Михаил Варданян тағайындалды. Ресейдің "Роскосмос" агенттігінің хабарлауынша, Варданян бұған дейін агенттікке қарасты "ВНИИЭМ" Корпорациясы" мекемесін басқарған. Көп жылдар Байқоңыр ғарыш айлағында қызмет істеген.

"Роскосмос" басшылығы бұған дейін космодромның бұрынғы басшысы Евгений Анисимовтың "жеке басындағы жағдайларға байланысты қызметінен өз өтініші бойынша кеткенін" хабарлаған еді. Бірақ ресейлік "Коммерсант" басылымы Анисимов "Роскосмостың" жаңа басшысы Олег Остапенконың командасымен "сыйыса алмай" қызметтен кеткені туралы жазған.

Ресей Байқоңырды 1994 жылы жалға алған. Мұның төлемі ретінде Ресей Қазақстанға жылына 115 миллион АҚШ долларына тең әскери және басқа да техника жеткізеді.
XS
SM
MD
LG