Accessibility links

Шеңгелдідегі кісі өліміне қатысты сот үкімі шықты


Шеңгелді ауылының қартасы.

Шеңгелді ауылының қартасы.

Қаскелеңде Алматы облыстық сотында Шеңгелді ауылында "19 тамызда оқ атып, жергілікті 29 жастағы тұрғынды өлтірді" деген айып тағылған екі адамға қатысты үкім шықты. Бұл туралы сотқа қатысқан белсенді Мұхтар Тайжан хабарлады.

Оның айтуынша, сот жергілікті Мадияр А. есімді тұрғынды өлтірді деп айыпталған Шеңгелді тұрғыны Ваха Угазаевты 19 жыл бас бостандығынан айырып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге және дүние-мүлкін тәркілеуге үкім шығарған. Ал қылмыс жасалған кезде Угазаевтың қасында бірге болған Арсен Агузаевты 6 жылға сотталған, ол жазасын қатаң режимдегі абақтыда өтейтін болады. Бұдан өзге сот айыптылардан жәбірленуші тарапқа 11 миллион теңге өндіріп алуға үкім шығарған.

2013 жылы тамыз айында Мадияр А-ның қазасынан соң Шеңгелді ауылы тұрғындары арасында этникалық сипаттағы жанжалға ұласу кету қаупі туындаған болатын. Бірақ билік орындары ауылдағы жағдайды бақылауға алып, кейін ішкі істер министрлігі қылмыстық оиғаның "этникалық астары жоғын" мәлімдеген еді.
XS
SM
MD
LG