Accessibility links

Ресей: Киевке қаржы бөлуге міндеттеме алған жоқпыз


Ресей қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчак.
Ресей қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчак.
Ресей қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчак жақында биліктен кетірілген президент Виктор Януковичпен келісілген 15 миллиард АҚШ доллары қаржылай көмегінің кезекті траншын Украинаға беруге "Ресей заңды міндеттеме алмағанын" мәлімдеді.

Оның айтуынша, Ресей билігі сыртқы қарызы ұлғайып кеткен Украинаның қаржылай көмектің алғашқы бөлігін қайтара алатынына "аздап күмәнмен" қарайды.

Ресей Киевке келісілген 15 миллиард доллардың алғашқы 3 миллиардын беріп қойған еді. Бірақ өткен аптаның соңында Украинада толқулар мен саяси дағдарыс күшейгенде Ресей кезекті екі миллиард АҚШ долларын беруді тоқтатқан. Кремль Киевте билікті қолына алған оппозициялық саясаткерлер билігін легитимді емес деп отыр.

Мәскеу өткен жылдың соңында Виктор Янукович Еуропа Одағымен ассоциация келісіміне қол қоюдан бас тартқан соң Киевке ірі көлемде қаржылай көмек беретін болған.

Украинаның жаңа басшылығының есептеуінше, келер екі жылда қаржы дағдарысының алдын-алу үшін Украинаға 35 миллиард АҚШ доллары қажет болмақ.
XS
SM
MD
LG