Accessibility links

Нигериядағы шабуыл


Нигериядағы шабуыл
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:43 0:00

Нигерияда "Боко Харам" исламшыл экстремистік ұйымының қарулы тобы елдің солтүстік-шығысындағы Йобе штатындағы мектептердің біріне шабуыл жасап, 59 оқушыны өлтіріп кетті деп хабарлайды Reuters агенттігі. Жергілікті полицияның хабарлауынша, кейбір балалар оқ тиіп қаза болса, кейбірін тірідей өртеп жіберген. Ел президенті Гудлак Джонатан оқушыларға шабуылды "адами және моральдық принциптерден жұрдай, есінен адасқан фанаттардың қатыгездікпен кісі өлтіруі" деп атады. "Боко Харам" атауы жергілікті тілден аударғанда "батыстың біліміне тыйым салу" деген мағынаны білдіреді. Нигерияның солтүстігінде исламшыл мемлекет құруды көздейтін "Боко Харам" мүшелері ақпанның ортасында елдің солтүстік-шығысындағы Борно штатындағы ауылдардың біріне шабуыл жасап, 90 адамды қырып тастаған еді.

XS
SM
MD
LG