Accessibility links

Ақмола облысында "Қазақалтын" компаниясының "Ақсу" кенішінде бүгін таңертең жарылыс болып, бір адам қаза тапты деп хабарлайды "Интерфакс-Қазақстан" агенттігі.

Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Арман Әбдіқалықовтың айтуынша, жарылыс "Ақсу" кенішінің 38-БИС шахтасында болған.

Алдын-ала деректер бойынша, жарылыстан бір кенші қаза тауып, бір кенші жараланып ауруханаға жеткізілген.

Апат болған орында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.

AzattyqTV

Франциядағы сайлау

Кім президент болады?

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG