Accessibility links

ЕҚЫҰ "Правдивая газетаның" жабылғанына алаңдаулы


ЕҚЫҰ баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

ЕҚЫҰ баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович.

Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы (ЕҚЫҰ) Қазақстанда оппозициялық "Правдивая газета" басылымының жабылуын бұл елдегі баспасөз плюрализміне жасалған кедергі деп бағалады. Бұл туралы ұйымның баспасөз еркіндігі жөніндегі өкілі Дуня Миятович Нью-Йоркте баспасөз еркіндігі мәселелеріне қатысты өтіп жатқан халықаралық конференцияда мәлімдеді.

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының судьясы Ералы Бекбаев 24 ақпанда осы аудан прокуроры Бауыржан Жұмақановтың былтыр әкімшілік сот салған үш жаза негізінде "Правдивая газета" басылымын жабу туралы талап-арызын қанағаттандырған еді.

"Жарияланым туралы ақпаратта кеткен қателіктер мен ұсақ кемшіліктер болмашы құқық бұзушылықтар Қазақстан билігінің баспасөз еркіндігі мен ақпарат алу құқын шектеу әрекетін ақтап алатыны өкінішті" дейді Дуня Миятович.

Оның айтуынша, басылымға қарсы шешім Қазақстанда құқықтық реформа жасау қажеттігін көрсетеді.

"Мен соңғы жылдары Қазақстанда көптеген ақпарат құралдарының жабылып, қызметін тоқтатып жатқанына алаңдаймын. Бұл ақпарат плюрализміне кері әсер етеді және мен Қазақстан билігін бұл процесті тоқтатуға шақырамын" деді Миятович.
XS
SM
MD
LG