Accessibility links

Назарбаев "арандатушылар" туралы ескертті


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттердің конституциялық құрылымы мен егемендігі, территориялық тұтастығы жаңа деструктивтік ықпалдарға ұшырап, Қазақстан осыған байланысты өте сақ, қырағы болуы қажет деп мәлімдеді.

Бұл туралы ол 26 ақпанда Астанада өткен қауіпсіздік кеңесінің жиынында айтты. Ақорданың хабарлауынша, жиында Қазақстан ұkттық қауіпсіздік стратегиясының орындалуы және ЭКСПО-2017 көрмесіне дайындық және оны өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері қаралған.

- Әлем тез өзгеріп жатыр. Жаңа қатерлер пайда болып, ол бізді болашақтағы іс-әрекетіміз бен жоспарларымызды соған сай өзгертуге мәжбүрлеп отыр. Бүгіндері ықпал ету тәсілдері, ақпараттық технологиялар және онымен күресу әдістері өзгерді. Біздің ешқандай ойластырылмаған "бұралаңдарға" жол бермеуіміз қажетін айттым. Бұған дейін дамып келгеніміздей тыныш қана дами беру қажет. Соңғы оқиғалар жекелеген арандатушылар елдегі жағдайға ықпал ете алатынын көрсетті. Ақпараттық технологиялар қазір жаңа түрде жұмыс істеп жатыр және біз соған сай жауап беруіміз керек, - деді Назарбаев.
XS
SM
MD
LG