Accessibility links

Сирияда жүздеген көтерілісші қаза тапты


Дамаскі маңында үкімет әскерімен қақтығысып жүрген көтерілісші топтар. Сирия, ақпан 2014 жыл.

Дамаскі маңында үкімет әскерімен қақтығысып жүрген көтерілісші топтар. Сирия, ақпан 2014 жыл.

Сирияның мемлекеттік ақпарат құралдары Сирия армиясы Дамаск маңын торуылдау кезінде 175 көтерілісшінің көзі жойылғанын хабарлады.

SANA агенттігінің хабарлауынша, шабуыл оппозиция бақылауындағы Гуте оазисінде болған. Қаза тапқандар туралы ақпарат тәуелсіз, бейтарап дерек көздерінен расталмай отыр.

Агенттік дала командиріне сілтеме жасап, қаза тапқандардың көпшілігі "Әл-Қаидамен" байланысы бар "әл-Нусра майданы" тобының мүшелері екенін, арасында Сауд Арабиясы, Катар және Шешенстаннан шыққандар да барын айтады.

Ұлыбританияда орналасқан Syrian observatory for Human Rights ұйымы да шабуылдан 70 көтерілісші қаза тапқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG