Accessibility links

NASA: Галактикадан жаңа 715 ғаламшар табылды


Көрнекі сурет.

Көрнекі сурет.

АҚШ-тың NASA ғарыш агенттігі жер галактикасынан 715 жаңа ғаламшар тапқанын хабарлады. Галактикадағы жаңа ғаламшарларды табуға NASA-ның қуатты "Кеплер" телескопы қолданылған.

Ғалымдардың айтуынша, астрономдар бұдан 20 жыл бұрын бұл ғаламшарлардың бір де біреуін білмеген. Табылған планеталардың төртеуі Жерден екі жарым есе үлкен және олардың күннен тікелей қашықтықта орналасқан бетінде суы бар.

NASA ғалымы Дуглас Хаджинс "Кеплер" телескопының басты мақсаты Жер сияқты тағы бір ғаламшар табу дейді.
XS
SM
MD
LG