Accessibility links

Ақтөбеде алты адам «бұзақылық» айыбымен сотталды


Базарда тұтқындалған 70 адамның туыстары әкімшілік сот жанында тұр. Ақтөбе, 25 қараша 2013 жыл.

Базарда тұтқындалған 70 адамның туыстары әкімшілік сот жанында тұр. Ақтөбе, 25 қараша 2013 жыл.

Ақтөбе облыстық соты «орталық базарда төбелес шығарып, бұзақылық жасағаны үшін» алты адамды соттады. Судья Роза Күзенбаева үш адамға (Нұржанов, Байжанов пен Есенжолов) – екі жылға бас бостандығынан айыру, үш адамға (Байғанатов, Елеуханов пен Қойшин) – екі жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесті.

Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл азаматтар – 2013 жылы қарашаның 23-і күні Ақтөбенің орталық базарында ұсталған 70 адамның бір тобы. Туыстары «дін жолын ұстанады» деп сипаттаған қалта телефонын сатушы азаматтардың 24-і сол кезде әкімшілік жазаға тартылған еді.
XS
SM
MD
LG