Accessibility links

Виктор Янукович баспасөз жиынын өткізбек


Украинаның биліктен кетірілген президенті Виктор Янукович.

Украинаның биліктен кетірілген президенті Виктор Янукович.

Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, Виктор Янукович бүгін Украина президенті қызметінен кетірілгеннен бері алғаш рет Дондағы Ростовта баспасөз жиынын өткізеді. Кеше ол ақпарат құралдары арқылы таратқан мәлімдемесінде өзін әлі де Украинаның "заңды президенті" деп санайтынын айтып, Ресейден "экстремистерден өзін қорғауды" сұрағанын айтқан еді.

Украина парламенті - Жоғарғы Рада кеше премьер-министрлікке ұсынылған бұрынғы оппозиция жетекшілерінің бірі Арсений Яценюктің кандидатурасын мақұлдап, жаңа үкіметті қолдап дауыс берген. Яценюк Киевке Янукович президент болып тұрғанда займ ретінде берілген 37 миллиард АҚШ долларының қалай жұмсалғанын біле алмай отырғанын хабарлады. Ол Украинадан оффшорлық есеп-шоттарға 70 миллиард АҚШ доллары көлемінде қаржы аударылғанын да мәлімдеді.

Халықаралық валюта қоры Украинаға қаржылай көмек көрсету туралы келіссөздер жүргізу үшін Киевке делегациясын жіберетінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG