Accessibility links

АҚШ Қазақстандағы адам құқықтары жайын сынады


Полиция теңгенің күрт құнсыздануына қарсылық танытқандарды ұстап әкетіп жатыр. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл. Көрнекі сурет.
Полиция теңгенің күрт құнсыздануына қарсылық танытқандарды ұстап әкетіп жатыр. Алматы, 15 ақпан 2014 жыл. Көрнекі сурет.
Қазақстанда сөз бостандығын, ақпарат құралдары еркіндігін бақылау, адамдардың жиын өткізу мен діни бостандығын шектеу өткен жылы бұл елдегі адам құқықтарының жағдайына кері әсер етті. Бұл туралы АҚШ мемлекеттік департаментінің 27 ақпанда жариялаған "Адам құқықтарының сақталуы туралы есебінде" айтылады.

Есепте айтылғандай, Қазақстанда адам құқықтары саласындағы аса маңызды проблемалардың қатарында сот билігі мен тиісті құқықтық процедуралардың жеткілікті түрде тәуелсіз бола алмай отырғаны айтылады. Бұл жағдай, әсіресе, құқық қорғау немесе сот органдарының қызметкерлері құқық бұзғанда немесе коррупциялық қылмыстар кезінде байқалады дейді құқық қорғаушылар.

Мемлекеттік департамент есебінде билік қылмыс жасаған шенеуніктерді жазалауда "әдептілік" танытып отырғанын, ал билікке ие және үкімет пен құқыққорғау органдарында байланысы бар адамдар жазаланбай қалатыны айтылады.

Құжатта бұған қоса тұтқындарды азаптау мен олардың қаза табуы фактілері, үкіметтік емес ұйымдардың жұмысына кедергі келтіріп, олардың өкілдерін заңсыз қамау жайттары да келтірілген.
XS
SM
MD
LG