Accessibility links

Алғашқы отырыс


27 ақпан күні Украинаның жаңа үкіметі алғашқы отырысын өткізді. Онда елде тұрақтылық орнату мәселесі талқыланды. Алғашқы жиналысты Украина премьер-министрі болып тағайындалған Арсений Яценюк жүргізді. Яценюк мұның алдында парламентте «экс-президент Виктор Янукович елді күйретіп кетті, қазына бос, 70 миллиард доллар оффшорлық шоттарға аударылған» деп мәлімдеген еді. Ол Қырымды тыныштандыру жұмыстары жасалатынын да айтқан. Ондағы наразылар жаңа үкіметті мойындамайтындарын білдірген. Батыс елдері Ресейді Қырымдағы жағдайды ушықтармауға шақырды.

XS
SM
MD
LG