Accessibility links

АҚШ Ресейді Украинада арандатушылыққа бармауға шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри.

АҚШ Украинаның территориялық тұтастығы мен егемендігін қолдайды және басқа елдерден де осыны күтеді. Бұл туралы 27 ақпанда Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джей Карни мәлімдеді.

Джей Карнидің айтуынша, АҚШ Ресей әскерінің Украинамен шекарада жүргізіп жатқан әскери жаттығуларын мұқият бақылап отыр және Ресей Украинада арандатушылық әрекеттер жасамайды деп үміттенеді. Ол Вашингтон Мәскеуді "теріс қадам" жасамауға шақыратынын айтады.

Кеше АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесіп, Украинадағы жағдайды талқылағанын хабарлаған. Керридің сөзіне қарағанда, Лавров Ресейдің Украинаның егемендігін құрметтейтініне сендіріп, әскери жаттығулардың о бастан жоспарланғанын және оның Украинада болып жатқан жағдайларға еш қатысы жоғын айтқан.

Керри АҚШ таяу күндерде Ресейдің бұдан арғы қадамдарын және оның Украинадағы жағдайларға қатысты таңдауын бақылап отыратынын ескертті.
XS
SM
MD
LG