Accessibility links

Астанада Ресей елшілігі алдында 2 белсенді ұсталды


Ресей елшісіне наразылық хатын тапсыруға жиналған белсенділер. Астана, 28 ақпан 2014 жыл.
Ресей елшісіне наразылық хатын тапсыруға жиналған белсенділер. Астана, 28 ақпан 2014 жыл.
Бүгін Астанада Ресей елшілігіне наразылық хатын тапсырып, акция өткізбек болған екі адамды полиция ұстап әкетті.

Оқиға орнында болған Азаттық тілшісінің хабарлауынша, оншақты адам Ресей мемлекеттік думасы спикерінің орынбасары, ЛДПР партиясының жетекшісі Владимир Жириновскийдің Қазақстан мен Орталық Азия елдерін Ресейге қарату туралы айтқаны және ресейлік саясаткер Эдуард Лимоновтың Қазақстанның солтүстік облыстарын Ресейге қосу туралы мәлімдемесіне наразылық білдіріп, елшілікке хат тапсырмақ болған.

Наразылар "Ресейдің империялық пиғылын білдіреді" деп, "Георгий туын" өртемек болғанда, полиция белсенділер Мақсат Ілиясұлы мен Сәкен Байкеновті ұстап әкеткен.

Бұдан соң жиналғандар Ресей елшісінің сыртқа шығуын талап етіп ұрандаған. Елшіліктен екі қызметкер шыққан соң белсенділер оларға наразылық хатын тапсырған.
XS
SM
MD
LG