Accessibility links

Министрлік: Daewoo импортын шектеу - Қазақстан талабы


Daewoo көліктері. Алматы, 24 ақпан 2014 жыл. Көрнекі сурет.

Daewoo көліктері. Алматы, 24 ақпан 2014 жыл. Көрнекі сурет.

Қазақстанның техникалық қауіпсіздік регламентіне сай келмегендіктен Өзбекстанда шығарылатын Daewoo көліктерінің кейбір түрін Қазақстанға импорттау шектелді.

Бұл туралы Қазақстан индустрия және жаңа технологиялар министрлігі техникалық реттеу және метрология комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан алдын индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Альберт Рау «2015 жылдан бастап Кеден Одағына мүше елдерге ортақ техникалық регламент енгізілетініне байланысты» Өзбекстанда жасалған Daewoo көліктерін Қазақстанға әкелуге биылдан бастап тыйым салынғанын айтқан еді.

Кеше Кеден Одағының жұмысын реттеуші орган Еуразия экономикалың кеңесінің өкілі Сергей Цыпленков Азаттықтың Өзбек қызметіне Қазақстанның өзбек көліктерінің кейбір түрлеріне тыйым салуының Кеден Одағына қатысы жоқ екенін хабарлады. Бірақ ол болашақта одақ аясында осындай регламент енгізілетін-енгізілмейтіні жайлы айтпаған.

Өзбекстанда жасалған Daewoo маркалы көліктің Nexia және Matiz үлгілері – Қазақстанда танымал көліктер. Жыл басынан бері бұл көліктердің Қазақстанға импорты тоқтатылды.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG