Accessibility links

Белсенділер Алматыда Абай өлеңдерін оқыды


Абай ескерткіші алдына жиналған белсенділер. Алматы. 1 наурыз 2014 жыл.

Абай ескерткіші алдына жиналған белсенділер. Алматы. 1 наурыз 2014 жыл.

Бүгін Алматыдағы Абай ескерткішінің түбіне белсенділер жиналып Абай өлеңдерін оқыды.

Белсенділер өздері "Абай оқулары" деп атаған шарада ортаға бірнеше адам шығып, Абай өлеңдерінің орыс тіліндегі аудармаларын мәнерлеп оқыған. Олар биліктің әрекетін сынап, адамдар "азаматтық бостандықтан айрылды" деген.

Бұл шараға ондаған адам жиналды. Шараны полиция және өзге де күштік құрылым өкілдері бақылап тұрған. Абай ескерткішінің маңында полицияның арнайы адам таситын микроавтобус көліктері де байқалған.

Абай өлеңдерін оқып болған соң, белсенділер тарқаған.

Бұдан алдын, ақпанның 15-і күні Алматыда Абай ескерткішінің түбіне жүздеген наразы азаматтар жиналған еді. Олар теңге девальвациясы мен қымбатшылыққа наразылық білдірген. Оқиға соңында ондаған азаматты полиция ұстаған.
XS
SM
MD
LG