Accessibility links

Путин Федерация кеңесінен Украинада әскер қолдануға рұқсат сұрады


Қырым автономиялық республикасы парламенті алдындағы белгісіз әскер. Симферополь. 1 наурыз 2014 жыл.
Қырым автономиялық республикасы парламенті алдындағы белгісіз әскер. Симферополь. 1 наурыз 2014 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Федерация кеңесінен Ресей қарулы күштерін Украина аумағында қолдануға рұқсат беруді сұрады.

Бұдан алдын Мемлекеттік Дума кеңесі мен Федерация кеңесі Путинді Қырым тұрғындарын "күш қолданудан қорғау үшін" мейлінше барлық мүмкіндікті пайдалануға шақырған еді.

Федерация кеңесінің басшысы Валентина Матвиенко Ресей әскерінің шектеулі контингентін Қырымға енгізу мүмкіндігін жоққа шығармады.

Бүгін Қырым автономиясының жаңа басшысы Сергей Аксёнов Ресей президенті Владимир Путиннен автономия аумағында бейбітшілік пен тыныштық сақтауға септесуді сұраған еді. Кремль оның өтінішін аяқсыз қалдырмайтындығын білдірген.
XS
SM
MD
LG