Accessibility links

Ресей Федерациялық кеңесі Украинаға әскер жіберуді қуаттады


Ленин алаңындағы Ресей туы. Симферополь. 1 наурыз 2014 жыл.

Ленин алаңындағы Ресей туы. Симферополь. 1 наурыз 2014 жыл.

Бүгін Ресейдің Федерация кеңесі осы ел әскерін Украина аумағында жағдай реттелгенше қолдану туралы қарарды бірауыздан қабылдады.

Құжатта қарардың президент Владимир Путиннің сұрауы негізінде және азаматтардың, соның ішінде Украинадағы Ресей азаматтарының және Ресей әскері контингентінің қауіпсіздігі үшін қабылданғаны айтылады.

Федерация кеңесі Ресейдің АҚШ-тағы елшісін кері шақыру мәселесін де көтерді.

Ресей Будапешт меморандумы аясында Украина қауіпсіздігіне кепіл елдермен мәміледен бас тартты.

Сенбі күні Украина сыртқы істер министрі қызметін атқарушы Андрей Дешица Киевтің мұндай шақыртуды АҚШ пен Ұлыбританияға да жібергенін хабарлады. Аталған елдер мәмілеге дайын екендіктерін білдірді.

Жұма күні АҚШ президенті Барак Обама Ресей әскерінің Украинадағы құзыры расталса, салдары "қымбатқа түсетінін" айтып, қатаң ескерту жасаған еді.
XS
SM
MD
LG