Accessibility links

Қазақстан неге инвестициядан қағылды?


"Қазақ елі" ескерткішіндегі аула сыпырушы. Астана. 24 наурыз 2013 жыл.

"Қазақ елі" ескерткішіндегі аула сыпырушы. Астана. 24 наурыз 2013 жыл.

Қазақстан президенті шетел инвестициясы азайғаны үшін үкіметті сынады. Батыс сарапшыларының пікірінше, "инвесторларды қазбалы ресурстарға бай елде биліктің ауысу сценарийіндегі белгісіздік үркітеді".


Ақпан айының ортасында теңге күрт құнсызданғаннан кейін өткен үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «шетелден инвестиция тарта алмайсыңдар» деп ел үкіметін сынады.

Соңғы бес жылда Қазақстанға келетін шетел инвестициясы көлемі азайып кеткені рас.

Ресми статистика деректеріне қарағанда, жыл сайын жергілікті экономикаға қыруар қаржы құйылады.

Бірақ негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі жыл сайын ұлғайғанымен, шетел инвестициясының үлесі азайып барады.

Соңғы бес жылда негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы сомасы
(миллиард теңгемен)


ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨЛЕҢКЕСІ

Қазақстандағы шетел компанияларының инвестициялық белсенділігі жыл санап кеміп келе жатқанын жоғарыдағы ресми статистикадан байқауға болады. Бұл факт Қазақстан билігін қынжылтады. Қазақстандағы шетелдік инвесторлардың сақтығы мейлінше артып отыр.

«Олар бекітілген келісім-шарттар мен елдегі заңдардың тұрақтылығы, қоғамдағы тұрақтылық, инфрақұрылым, энергоресурстар, транспорт, жұмыс күші, визалық Қазақстандағы астық жинап жүрген шаруалар. (Көрнекі сурет)

Қазақстандағы астық жинап жүрген шаруалар. (Көрнекі сурет)

режимнің қолайлылығы сияқты негізгі факторларға мән береді» деп мәлімдеген Нұрсұлтан Назарбаев «мұның бәрі бізде бар» дейді.

Мұның қаншалықты негізді екенін білу үшін Қазақстанның бизнес-климатын Еуропа Одағының кейбір елдерімен салыстыратын халықаралық рейтингтерге жүгінелік.

189 елдің кәсіпкерлік қызметті реттейтін нормативті-құқықтық актілері мен олардың орындалу барысын бағалап, 2013 жылғы қорытындысын жариялаған Doing Business ұйымы рейтингінде Қазақстан 50-орында тұр. Бизнес жүргізу қолайлы ел ретінде Қазақстанның позициясы жақсарып келеді. Бұл рейтингте ол Еуропа Одағының Испания, Венгрия, Болгария, Люксембург, Италия, Румыния, Греция, Чехия және Мальта сияқты елдерінен озық тұр.

Бірақ Transparency International ұйымы құрған жемқорлыққа бейімділік индексінде 2012 жылы онсыз да 113-орында болған Қазақстан 2013 жылы 144-орынға сырғыған.

Legatum Prosperity Index институты құрастырған өркендеу индексінде Қазақстан - Қашағандағы мұнай өндірісі орыны. 21 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қашағандағы мұнай өндірісі орыны. 21 тамыз 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

47-орында. Ал Люксембург алғашқы ондыққа, Мальта, Чехия үшінші, Италия төртінші ондыққа кірген.

«ҚазАқпарат» ресми ақпарат агенттігі өткен аптада Doing Business рейтингіндегі қорытындыларға қатысты Қазақстан үкіметінің реакциясы туралы хабарлады.

Қазақстан премьер-министрі Серік Ахметов министрлерге «Doing Business рейтингіндегі Қазақстан көрсеткіштерін жақсарту мәселелерін сәуірге дейін пысықтауды» тапсырды. Қазақстан үкіметі бес кодекске, үш заңға және заң күші бар 11 актіге өзгеріс енгізуге уәде етті.

НЕ КЕДЕРГІ?

Сарапшылар инвестиция ауқымы азаюының негізгі себептерінің бірі ретінде әлемдік қаржы дағдарысын атайды. Трансұлттық ірі компаниялар қазір үлкен инвестиция құюдан тартынады.

Экономика салаларына салынатын инвестиция құрылымы мүлде өзгермейді деуге болады.

Салалар бойынша инвестиция құрылымы
(пайызбен)

Көріп отырғанымыздай, өңдеуші салаларға қарағанда, шетелдіктер көбінесе шикізат секторы мен мұнай мен газды тасымалдауға арналған құбыр желісі транспортына ғана инвестиция құяды.

Бизнес жүргізу жеңілдігі рейтингінде Қазақстанның позициясы жаман емес. Бірақ, президент Назарбаев айтқандай, «Мұның бәрі бізде бар. Бірақ мүлде Қытай төрағасы Си Цзиньпин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұнай құбыры ашылуы салтанатында. Астана, 7 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

Қытай төрағасы Си Цзиньпин (сол жақта) мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мұнай құбыры ашылуы салтанатында. Астана, 7 қыркүйек 2013 жыл. (Көрнекі сурет)

жұмыс істемейді немесе инвесторлардың пайдасына істемейді».

Неліктен жұмыс істемейді?

Бұл сұрақтың жауабын шенеуніктер беруі тиіс. Ал Қазақстанда жұмыс істейтін және инвестициялық климаттың ахуалына бақылау жүргізіп отыратын кейбір халықаралық институттар әлсіз жақтарды көрсетеді.

Мысалы, «Эрнст энд Янг» компаниясы 2013 жылы жүргізген «Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын зерттеуінде» елде бизнесті дамытуға кедергі болатын бес себепті атаған.

Бір себеп – шетелдік инвесторлар Қазақстанды жақсы білмейді, яғни елдің болашағы туралы және бизнес жүргізу мүмкіндіктерінен хабары аз. Басқа негізгі себептер қатарында жоғары технологиялы салалардың артта қалуы және аймақаралық диспропорциялар аталады.

Кейбір сарапшылар авторитарлы Қазақстанға деген инвестициялық қызығушылықтың төмендеуін ауқымды жемқорлықпен, проблемасы жетерлік банк жүйесімен, білікті мамандардың тапшылығымен байланыстырады.

БИЛІК АУЫСУ СЦЕНАРИЙІНДЕГІ БЕЛГІСІЗДІК

Инвесторлар саяси тәуекелдерге де мән береді. Инвесторлар 73-ке келген Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жасы ұлғайған сайын елде тұрақсыздық орнайды деп қорқады. Халықаралық дағдарыс тобы сарапшылары «Қазақстан: Өзгерістер қарсаңында» деген есебінде ел басшысы қартайып, елдің өзі авторитаризмге құлдырап барады деп көрсетеді.

Орталық Азиядағы халықаралық дағдарыс тобы жобасының директоры Дейрдре Тайнан есепті таныстыру кезінде "Егер саяси, әлеуметтік және экономикалық реформалар жүргізуге мықтап тырыспаса, Қазақстан табиғи ресурстар беретін мүмкіндіктен айрылып қалған, авторитарлы режимі бар тағы бір елге айналуы мүмкін” деген болжам жасады.

Оның үстіне Орталық Азияның бұрынғы советтік басшыларының кейбірі сияқты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев та көп жылдық билігін тағы бірнеше мәрте ұзартуы мүмкін екенін теріске шығармайды. Жуырда Вloomberg агенттігіне берген сұхбатында ол алдағы сайлау туралы «Мен 2016 жылдың желтоқсанына дейін сайландым. Бұл туралы уақыты келгенде айта жатармыз» деді.

Ұзақ мерзімді негізде жоспар құрып үйренген инвесторларды елдегі биліктің ауысу сценарийіндегі белгісіздік үркітеді.

Оқырман пікірлері

XS
SM
MD
LG