Accessibility links

Меркель: Путин Украинаға қатысты байланыс тобын құруға келісті


Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия канцлері Ангела Меркель.

Германия билігінің хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин Украинаға қатысты халықаралық байланыс тобын құруға келісті. Неміс үкіметі таратқан мәлімдемеде Путин Германия канцлері Ангела Меркельмен телефонмен сөйлесіп, "саяси диалог бастау үшін ЕҚЫҰ бастамасымен байланыс тобы мен тергеу комиссиясын дереу құру туралы" ұсынысын қабыл алғаны айтылады.

Мәлімдемеде Меркель Ресейді "Қырымға басып кіріп, халықаралық құқық нормаларын бұзды" деп айыптаған.

Ақпарат агенттіктері АҚШ үкіметіндегі дереккөздеріне сілтеме жасап, ол елдің мемлекеттік хатшысы Джон Керри ертең, 4 наурызда Украинаның уақытша үкіметіне қолдау білдіру үшін Киевке баратынын хабарлап отыр.

АҚШ басшылығы бұған дейін Украинаның Қырым автономиялық республикасына әскер кіргізген Ресейді айыптап, бұл әрекетінің салдары ауыр болатынын ескерткен.
XS
SM
MD
LG