Accessibility links

Жамбыл облысында жол апатынан 9 адам мерт болды


Жол апаты. Көрнекі сурет.
Жол апаты. Көрнекі сурет.
Алматы-Ташкент күрежолының Жамбыл облысындағы бқлігінде кеше жолаушылар автобусы мен микроавтобус соқтығысып, 9 адам қаза тапты.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, жолаушылар таситын "VanHool" автобусы мен "Мерседес" микроавтобусы 2 наурыз күні түнгі сағат 10 шамасында соқтығысқан. Жолаушылар автобусында 2 жүргізуші мен 53 жолаушы болған. Қаза тапқандардың сегізі - Қырғызстан азаматы

Алдын-ала мәліметтер бойынша микроавтобуста болған Қырғызстанның 8 азаматымен қосы жүргізушісі де қаза тапқан. Микроавтобуста болған түрлі жарақат алған Қырғызстан мен Өзбекстанның 11 азаматы ауруханаға жатқызылған.

Министрлік Қырғызстанның тағы екі азаматы медициналық көмек алып, ауруханаға жатудан бас тартқанын хабарлады.
XS
SM
MD
LG