Accessibility links

Украинада Януковичтің үстінен тағы бір іс қозғалды


Виктор Янукович Дондағы Ростовтағы баспасөз-мәслихатында сөйлеп отыр. 28 ақпан 2014 жыл.
Виктор Янукович Дондағы Ростовтағы баспасөз-мәслихатында сөйлеп отыр. 28 ақпан 2014 жыл.
Украина бас прокуратурасы Виктор Януковичтің үстінен елдің конституциялық құрылымын құлатуға шақырды деп айыптап, жаңа қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Украина бас прокурорының міндетін атқарушы Олег Махницкий мәлімдеді.

"Интер" телеарнасындағы "Шустер-Live" бағдарламасында сөйлеген Махницкий жаңадан қылмыстық іс қозғалуына Януковичтің 28 ақпанда Ресейдің Дондағы Ростов қаласында өткізген баспасөз жиынында айтқан сөздері себеп болған. Янукович баспасөз жиынында Украина парламенті - Жоғарғы Раданың өзін биліктен шеттету туралы шешімін мойындамайтынын және өзін "Украинаның заңды президенті" деп танитынын мәлімдеген.

Бұған дейін бас прокуратура Януковичтің үстінен Киевтегі наразылық шерулері кезінде "әдейі қантөгіс ұйымдастырды" деп іс қозғаған. Сот оны ұстауға ордер беріп, халықаралық іздеу жариялаған.
XS
SM
MD
LG