Accessibility links

Алматыда белсенділер Ресейге наразылық танытты


Белсенділер Ресей бас консулдығы алдында наразылық танытып тұр. Алматы, 3 наурыз 2014 жыл.

Белсенділер Ресей бас консулдығы алдында наразылық танытып тұр. Алматы, 3 наурыз 2014 жыл.

Алматыда Ресей консулдығының алдында бір топ белсенді Ресейдің Украинаға әскер кіргізуіне наразылық білдірді.

Акцияға белсенділер Қасым Аманжолұлы, Мұхтар Тайжан, Гүлжан Ерғалиева бастаған он шақты адам келген. Наразылар қолдарына "Ресей, Украинадан қолыңды тарт!" деген плакат ұстап, елшілік алдында консулдың сыртқа шығуын талап етіп ұрандаған.

Бірақ консулдықтан ешкім шықпағандықтан наразылар қолдарындағы плакаттар мен наразылық хаттарын елшілік алдындағы жәшікке салды. Бұдан соң жиналғандар елшілік алдында тұрып, Украина мен Қазақстанның әнұранын орындады.

1 наурыз күні Ресейдің федерация кеңесі Ресей қарулы күштерін Украина территориясында пайдалану туралы ел президенті Путиннің ұсынысын бірауыздан қолдады. Президент Владимир Путин федерация кеңесінен "жағдай тұрақтанғанша Украина территориясында әскер пайдалануға" рұқсат сұраған еді. Ресей парламентінің жоғарғы палатасы - федерация кеңесі спикері Валентина Матвиенконың айтуынша, қаулы қабылданған мезеттен бастап күшіне енген.
  • 16x9 Image

    Нұртай ЛАХАНҰЛЫ

    Нұртай Лаханұлы. 1973 жылы дүниеге келген. 1998 жылы әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университетінің филология факультеті бойынша тәмамдаған.  «Қазақстан-Заман» газеті мен «Қазақ радиосында» қызмет еткен. 2010 жылдан бері Азаттық радиосында  жұмыс істейді.

XS
SM
MD
LG