Accessibility links

АҚШ Астананың ДСҰ келіссөзінде Ресеймен кездесуден бас тартты


АҚШ Ресейдің Федералдық ветеринарлық және фитосанитарлық бақылау қызметінің ("Россельхознадзор") мамандарын Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруіне қатысты келіссөздерге қатыстырудан бас тартты деп хабарлайды "Интерфакс" агенттігі.

"Россельхознадзор" мекемесінің хабарлауынша, "Ұшуға бір тәулік қалғанда АҚШ елшілігінің өкілдері электронды түрде және телефонмен ресейлік делегация басшысы, "Россельхознадзор" басшысының орынбасары Николай Власовты Ресей сарапшыларының АҚШ-қа келмегені жөн болатыны туралы" ескерткен.

Қазақстанның ДСҰ-ға кіруіне байланысты ветеринарлық және фитосанитарлық шараларды уағдаласу жөнінде ресейлік сарапшылар қатысатын келіссөздердің келесі кезеңі Вашингтонда 3-6 наурызда өтуі тиіс болған.

Ал Қазақстаннан келіссөзге қатысатын топ Вашингтонға ұшып кеткен.
XS
SM
MD
LG