Accessibility links

Қырымда БТР шоғырлана бастады


Симферополь аймағының Перевальное ауылындағы Украин әскери базасы маңына шоғырландырылып жатқан, Ресейдікі болуы мүмкін делінген бронды техникалар. Симферополь, 3 наурыз 2014 жыл.
Симферополь аймағының Перевальное ауылындағы Украин әскери базасы маңына шоғырландырылып жатқан, Ресейдікі болуы мүмкін делінген бронды техникалар. Симферополь, 3 наурыз 2014 жыл.
Украинаның мемлекеттік шекара қызметі Қырым түбегін Ресейдің Краснодар өлкесімен қосатын паром өткелінде бронды техникалар (БТР) жиналып жатқанын хабарлады. Әскери техникалардың қай елге тиесілі екені, я айырым белгілері көрсетілмеген.

Украиналық шекарашылар бұдан өзге Азов-Қара теңіз аймақтық басқармасы мен Симферополь отряды ғимараттарының бұғауланып, Керч және Севастопол теңіз күзеті отрядтарына шабуыл жасалғанын хабарлады. Шекара қызметінің ақпаратына қарағанда, бұл әрекеттерді айырым белгілері жоқ ресейлік әскерилер жасап отыр. "РБК-Украина" телеарнасының хабарлауынша, қарулы адамдар әскери бөлімшелердің кабинеттеріндегі байланыс құралдары мен автоматтандырылған жүйелерді қиратқан.

Украина шекара қызметі шекара бөлімшелерін басып алу кезінде дөрекі түрде күш қолданылып, қарумен қоқан-лоқы жасалып жатқанын, шекарашылардан Қырымның жаңа басшылығына бағынуды талап еткенін айтады.

"РБК-Украина" бұған қоса Ресей әскери-теңіз күштерінің Қара теңіз, Балтық теңізі және Солтүстік флоттарының аумағында белсенді әрекет ете бастағанын хабарлайды. Телеарна "бұл Қара теңіз флотының Украина аумағында жүріп-тұруі туралы келісімді бұзады" дейді.
XS
SM
MD
LG