Accessibility links

Путин әскерді тексерді


Путин әскерді тексерді
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:05 0:00

Ресей президенті Владимир Путин Ленинград облысындағы әскери жаттығуға барды. Ол полигонға Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгумен бірге вертолетпен келген. Сценарий бойынша, армия шартты қарсыластың байланыс тораптары мен тірек пункттерін жояды. Путин жаттығуды басқару пунктіне келе жатып жымиды. Ол бұл пункттен тұманнан әрең көрінетін әскери көліктерді бақылады. Жаттығудан кейін Путин ешқандай комментарий бермеді. Ресей ақпарат құралдарының хабарлауынша, жаттығу Батыс және Орталық әскери округтердің жауынгерлік әзірлігін тексеру мақсатында жасалған. Әскери жаттығу Қырымдағы шиеленіс кезінде өткізілді. Өткен аптада Ресей парламенті Украина аумағында «қоғамдық-саяси жағдай тұрақтанғанша» Ресей әскерін пайдалану туралы қаулы шығарды.

XS
SM
MD
LG