Accessibility links

Талибан Исламабад сотына шабуылды жоққа шығарды


Исламабадтағы аудандық сотқа жасалған шабуылдан кейінгі көрініс. Пәкістан, 3 наурыз 2014 жыл.
Исламабадтағы аудандық сотқа жасалған шабуылдан кейінгі көрініс. Пәкістан, 3 наурыз 2014 жыл.
Талибанның Пәкістандағы бөлімшесі 3 наурызда Исламабадтағы аудандық сотқа жасалған шабуылға қатысын жоққа шығарды. Жарылыстан 11 адам қаза тауып, ондаған адам жараланған еді.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, кеше сотқа шабуылды кем дегенде екі жанкешті жасаған. Олар әуелі сот ғимаратына гранаталар лақтырып, сосын өз-өздерін жарып жіберген. Жарылыстан соң сотқа қарулы адамдар шабуылдап, ғимараттағы қызметкерлерге оқ атқан. Жараланғандардың көпшілігі ауыр халде жатыр.

Жарылысқа жауапкершілікті әзірге ешкім мойнына алған жоқ.

Кеше Пәкістан үкіметі Талибанның атысты бір айға тоқтатқаны туралы мәлімдемесінен соң Талибан жасақтарына әуеден соққы беруді уақытша тоқтататынын хабарлаған.
XS
SM
MD
LG