Accessibility links

АҚШ Ресеймен әскери байланысын үзді


АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.

АҚШ қорғаныс министрі Чак Хейгель.

АҚШ Ресей-мен арадағы әскери байланысын үзді. Пентагонның хабарлауынша, екі ел арасындағы барлық әскери байланыстар, оның ішінде екіжақты және көпжақты жаттығулар, екІ ел арасындағы келіссөздер, порттарға бару, конференциялар мен семинарларға қатысу тоқтайды.

Пентагон өкілі Джон Кирбидің айтуына қарағанда, бұл байланыстардың барлығының пайдасы зор, бірақ АҚШ Ресейдің Украинадағы әрекетіне орай байланыстардан бас тартуға мәжбүр.

"Біз Ресейді Украинадағы дағдарысты бәсеңсітуге және Ресей әскерилерін Қара теңіз флотына қайтаруға шақырамыз" деді Кирби. Пентагон өкілі бұған қоса Америка әскери-теңіз күштерінің кемелері Қара теңіз аймағында жүргені туралы ақпарат шындыққа сай келмейді деді.

1 наурызда Ресей Федерация кеңесі Путиннің "Украинада қоғамдық-саяси жағдай тұрақтанғанға дейін әскер пайдалануды" сұраған ұсынысын мақұлдаған еді.
XS
SM
MD
LG