Accessibility links

Турчинов: тіл заңын жоюға қол қоймаймын


Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов.
Украина президентінің міндетін атқарушы Александр Турчинов.
Украина президентінің міндетін атқарушы, парламент спикері Александр Турчинов Жоғарғы Раданың 2012 жылы 3 шілдеде қабылданған мемлекеттік тіл саясаты туралы заңды жою туралы шешіміне қол қоймайтынын мәлімдеді. Бұл туралы "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

Турчинов "заң кәсіби тұрғыдан сауатсыз, тілдік баланс бұзыла отырып дайындалған, бірақ парламенттің оны жою туралы шешіміне қол қоймаймын" деп мәлімдеген.

Ол болашақта дайындалатын басқа заң Украинадағы барлық тілдердің дамуына мүмкіндік беретінін айтты.

Турчинов украин тілі мемлекеттік тіл екенін айтып, бірақ тілдік, ұлттық ерекшеліктері бойынша және кімнің қандай шіркеуге баратынына әрі қандай дінді ұстанатынына байланысты ешкімге шектеу қойылмайтынын ескертті.

Украина парламенті 22 ақпан күні, Виктор Янукович биліктен шеттетілгеннен бір күн өткенде, "Мемлекеттік тіл саясаты қағидаттары туралы" заңның күшін жоюға дауыс берген. Заң 2012 жылы Януковичтің "Аймақтар партиясының" ұсынуымен қабылданған еді.

Осы заң бойынша украин тілі - бірден бір мемлекеттік тіл, орыс тілі Қырым тәрізді шығыс және оңтүстік облыстарда аймақтық ресми тіл ретінде бекітілген. Киевте және басқа да қалаларда адамдар осы заңға қарсылық білдіріп, парламентте төбелес те болған. Қазір билікке бұрынғы оппозиция заңды "антиукраиналық" деп бағалаған.
XS
SM
MD
LG