Accessibility links

Forbes әлемнің ең бай адамдарын жариялады


Әлемнің ең бай адамдары Билл Гейтс (сол жақта) пен Карлос Слим Элу.

Әлемнің ең бай адамдары Билл Гейтс (сол жақта) пен Карлос Слим Элу.

Forbes журналы дәстүріне сай биыл да әлемнің ең бай адамдарының тізімін жасады. Тізімді Microsoft компаниясының негізін салушылардың бірі Билл Гейтс бастап тұр. Оның байлығы 76 миллиард АҚШ доллары деп бағаланады.

Билл Гейтстен кейінгі орында мексикалық миллиардер, 72 миллиард АҚШ доллар дәулетке ие Карлос Слим Элу тұр.

Билл Гейтс рейтинг жасалып келе жатқан 20 жылда 15 жыл бойы әлемнің ең бай адамы атанып, бірақ соңғы төрт жылда Карлос Слимнен кейінгі орынға түскен еді.

Журналдың есептеуінше, әлемде миллиардерлері ең көп ел АҚШ атанған. Мұнда 492 миллиардер шыққан. Екінші орында 152 миллиардер шыққан Қытай, үшінші орында 111 миллиардері бар Ресей тұр.

Биыл Forbes-тың әлемнің ең бай адамдары тізіміне Қазақстаннан бес адам кірген. Олардың арасында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Динара Құлыбаева да бар.

Украинадан биыл ықпалды магнаттар Ринат Ахметов пен Виктор Пинчук миллиардер атанған.
XS
SM
MD
LG