Accessibility links

Ресей Қазақстандағы нысанаға зымыран атты


Ресей Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан «Тополь» РС-12М зымыранын атып, Қазақстанның Қарағанды облысындағы Сарышаған әскери полигонындағы нысанаға тигізді.
Ресей Астрахань облысындағы Капустин Яр полигонынан «Тополь» РС-12М зымыранын атып, Қазақстанның Қарағанды облысындағы Сарышаған әскери полигонындағы нысанаға тигізді.
Ресей 5 наурызға қараған түні Астрахань облысындағы "Капустин Яр" полигонынан "Тополь" құрлықаралық баллистикалық зымыранын сынақтан өткізді.

Ресей қорғаныс министрлігінінің ақпаратына қарағанда, зымыран 5 наурыз күні Астана уақытымен түнгі сағат 12-ден 10 минут өткенде ұшырылып, Қазақстанның "Сарышаған" полигонындағы шартты нысанаға бағытталып, дәл тиген.

Ресей соңғы айларда осымен бірнеше рет стратегиялық зымыранын сынап отыр.

Ресей өткен жылы 10 қазанда, 27 желтоқсанда екі рет "Тополь" зымырандарын сынақтан өткізіп, олар "Сарышағандағы" шартты нысанаға дәл тиген.
XS
SM
MD
LG