Accessibility links

АҚШ-та "Әлемнің ең батыл әйелдері" марапатталды


АҚШ президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обама (сол жақта) украиналық әнші, белсенді Руслана Лыжичконы марапаттау кезінде. Вашингтон, 4 наурыз 2014 жыл.

АҚШ президенті Барак Обаманың әйелі Мишель Обама (сол жақта) украиналық әнші, белсенді Руслана Лыжичконы марапаттау кезінде. Вашингтон, 4 наурыз 2014 жыл.

АҚШ мемлекеттік департаменті жыл сайын берілетін "Әлемнің ең батыл 10 әйелі" сыйлығын тапсырды.

Марпатталғандардың арасында ауғандық дәрігер, Кабулдағы перзентхана директоры Насрин Оряхил, украиналық әнші әрі "Еуромайдан" белсендісі Руслана Лыжичко, Тәжікстан президенттігіне бұрынғы кандидат Ойнихол Бобоназарова және грузиялық баптист епископ Русудан Готсиридзе бар.

АҚШ мемлекеттік хатшысының "Әлемнің ең батыл әйелдері" сыйлығы алғаш рет 2007 жылы тапсырылған. Сыйлық әйелдерге "бейбітшілікті сақтау, әділеттілік, адам құқықтары, гендерлік теңдік пен әйелдер теңдігін орнату жолындағы асқан батылдығы мен жетекшілік қабілеті" үшін беріледі.
XS
SM
MD
LG