Accessibility links

Путинді Гитлерге теңеген ресейлік тарихшы жұмыстан босады


Ресей тарихшысы, саясаттанушы Андрей Зубов.

Ресей тарихшысы, саясаттанушы Андрей Зубов.

Мәскеудің Ломоносов атындағы мемлекеттік университетінің тарихшысы, дінтанушы әрі саясаттанушы Андрей Зубов Ресейдің Украинаға әскер кіргізуіне қарсы пікірін білдіргені үшін жұмысынан босатылды деп хабарлайды Азаттықтың Орыс қызметі.

Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің философия кафедрасының профессоры Андрей Зубов 1 наурызда "Ведомости" газетінде Ресейдің Қырымға әскер кіргізу әрекетін сынап, президент Владимир Путинді Гитлерге теңеген.

Қырымдағы жағдайға талдау жасаған тарихшы мақаласында қазіргі Ресей мен Украина арасындағы қатынастың шиеленісу белгілері Австрияның 1938 жылы Үшінші рейхқа қосылу тарихымен ұқсас келеді деген. Тарихшының айтуынша, Путиннің Қырымда әскер пайдалану шешімі Гитлердің 1938-1938 жылдары Австрияны Чехословакияның немістілді Судет облысымен және Литваның Мемель аймағымен бірге аннексиялап алғанына ұқсас.

62 жастағы Андрей Зубов - тарих ғылымдарының кандидаты, профессор.
XS
SM
MD
LG